Хабар

Қарағандыда «Абай» шахтасындағы апатты жоюға қатысушыларға марапаттар табысталды

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.

Іс-шара барысында ҚР ТЖМ Мемкенқадағалау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесіне жемісті еңбек еткен қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараның маңызды бөлігі ағымдағы жылғы 7 қарашада болған «Абай» шахтасындағы аварияны жоюға қатысушыларға наградаларды табыстау болды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Абай» шахтасындағы аварияның салдарын жою кезінде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін шахтаның екі қызметкері және «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының 15 тау-кен құтқарушысы марапатталды.

Марапаттарды Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов және «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС бас директоры Владимир Беккер табыс етті.

«Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісімен марапатталды:

  • Денищук Наталья Анатольевна, «Абай» шахтасының техникалық қызметінің желдету және қауіпсіздік техникасы учаскесінің газды бақылау аппаратурасының диспетчері;
  • Мадмаров Махаммадисмаил Розмахаматович, «Абай» шахтасының №1 дайындық жұмыстары учаскесінің жер асты электр слесарі;
  • Әзімбаев Мұрат Қапарұлы, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының взвод командирінің медициналық жұмыс жөніндегі орынбасары;
  • Жақан Әсет Дүйсенбекұлы, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы;
  • Нұрмағамбетов Талгат Манатұлы, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы;
  • Сақбасынов Арман Әділхайырұлы, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының бөлімше командирі;
  • Стрижаков Олег Михайлович, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының взвод командирінің медициналық жұмыс жөніндегі орынбасары.

«Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды:

  • Брага Владимир Васильевич, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының командирі;
  • Әлнұров Дидар Махаббатұлы, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының бөлімше құтқарушысы;
  • Храмшин Дмитрий Владимирович, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы.

«Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен мараптталды:

  • Әбішев Нариман Ишбулдыевич, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы;
  • Алиқайдаров Нұржан Әбілмажинұлы, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының бөлімше командирі;
  • Асқаров Әлібек Қайырбекұлы, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының бөлімше құтқарушысы;
  • Ескәндір Ерік Еркінұлы, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының бөлімше взвод командирі;
  • Коровин Юрий Николаевич, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының взвод командирінің орынбасары.

«Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төс белгісімен марапатталды:

  • Андреев Андрей Рудольфович, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының бөлімше құтқарушысы;
  • Байманов Қайрат Базарбайұлы, екінші әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының бөлімше құтқарушысы.

Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button