Новости

Қарағандыда Абай күніне арналған әдеби онлайн-байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Қарағандыда Абай күнін мерекелеуге арналған әдеби онлайн-байқаудың қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

«‎Байқауға 14–29 жас аралығындағы 30 адам қатысты. Қатысушылар ұлы ақынның бір шығармасын мәнерлеп оқып, қойылымды бейнеге жазып, Instagram-дағы парақшасында 9 тамызға дейін @qaragandy_jastary хештегімен жариялауға тиіс болды. Бүгін біз байқаудың қорытындысын шығарып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттадық»‎‎, – деді Қарағанды Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Сымбат Әубакірова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әдеби байқау жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы мен құрметін қалыптастыруға, ұлттық әдебиетті насихаттауға бағытталған.

«‎Байқауға қатысушылар келесі өлшемшарттар бойынша бағаланды: мәнерлеп оқу, дикция, мимика. Олардың орындалуы бес балдық шек бойынша сараланды. Сайыста бірінші орынды Аяулым Назымхихмат иеленді. Екінші орын Айкен Сәрсенбаеваға бұйырды. Үздік үштікті Аяна Кенжехан тұйықтады, – деп қосты Сымбат Әубәкірова. – Олар дипломдар және естелік сыйлықтар алды»‎.

Қарағанды облысының әкімдігі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button