Хабар

Қарағандыда ағынды судың 70 пайызы тұрғындар шомылатын су қоймасына құяды

Қазір “Қарағанды ​​су” серіктестігі құбырды ағызу үшін айналма канал салып жатыр.

Қарағандыда кәріздің 70 пайызы аэростанцияға емес, Бұқпа өзеніне келіп құяды. “Қарағанды су” бригадасы екі аптадан бері бір жарым метрлік магистральдық құбырдың қай жері бітеліп қалғанын таба алмай жатыр. Осы орайда, жергілікті тұрғындар көмек сұрады, деп хабарлайды 31 арнаның “Информбюро” ақпараттық бағдарламасы.

“Ағынды суларды коллектордан арнаға қарай ағызады. Арна ары қарай Бұқпа, Федоров су қоймасы, Соқыр, Нұра өзендерімен жалғасады. Осылайша су тасқыны кезінде шлюздер бәрібір көтеріліп, ағынды судың барлығын Федеров су қоймасына алып келеді”, – деді экобелсенді Жұмабай Ысқақов.

Федоров – Қарағандыда шомылуға рұқсат етілген жалғыз су қоймасы. Ал кәріз суындағы ең жаман нәрсе – нәжіс емес, бүкіл тіршілікті өлтіретін химиялық ластаушы заттар, дейді экологтар.

“Бұл нитрат, нитрит, қарапайым тұрғындар қолданатын жууғыш заттар және әртүрлі синтетикалық белсенді заттар. Мұндай жағдай су тасқыны кезінде жағдайымызды қиындатады”, – деді “Қарағанды ЭкоМузей” БҚ директоры Айгүл Мәлікова.

Экологтардың айтуынша, қызмет көрсетушіде су тасқынына арналған жоспар жоқ. Себебі мамандар кәріз жүйесінің қай жері бітеліп тұрғанын әлі таппады. Ал кәріз коллекторының ұзындығы 16 шақырымды құрайды.

“Коллектордың бойымен люктерді қараған кезде ағынды судың сыртқа шығуы анықталмады. Қай жерде ақау бары коллекторды уақытша босатып, құбырлардың ішін тексерген соң ғана анықталады. Қазіргі таңда “Қарағанды су” ЖШС дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр”, – деді компанияның баспасөз хатшысы Марина Богдан.

Қазір “Қарағанды ​​су” серіктестігі құбырды ағызу үшін айналма канал салып жатыр. Әзірге олар ағынды суды бетон плиталармен жабылған, ұзақ уақыт пайдаланылмаған арна арқылы өзен арнасына ағызып отыр.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button