Хабар

Қарағанды тұрғындары үйіндегі жылуды өшіруге өтінім бере алады

Қарағанды тұрғындары жылыту жүйесін өшіру жөнінде өтініш бере алады. Бұл – тұтынушылардың қаражатын үнемдеу мақсатында жасалып отырған шара, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қарағандыда тұрғындардың өтініштері бойынша жылу өшіріледі. Бұл туралы қалалық әкімдікте хабарлады.

«Жылыту маусымы аяқталуға жақын. Өткен жылғыдай біреуі – үй суық, екіншісі – ыстық деп шағымданбас үшін тұрғындардың өз өтінішімен ғана жылытуды тоқтату туралы шешім қабылданады. ПИК, ЖС немесе МИБ органдары «Теплотранзит» ЖШС-не үйді жылудан ажыратуға өтінім беруі тиіс және бір тәулік ішінде жұмыс жүргізіледі. Үш тәулік ішінде сыртқы ауаның орташа температурасы +10°С және одан жоғары болған кезде қалада жылыту маусымын аяқтаймыз», – деп жазды Қарағанды әкімі Мейрам Кожухов Instagram парақшасында.

Басқарушы орган төрағасының қолы қойылған өтінімді Пригородная көшесі, 9/2 мекенжайында орналасқан «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС жедел-диспетчерлік қызметіне жазбаша беру қажет.

Анықтама телефоны 56-17-79.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button