Хабар

Қарағанды облысының әкімдігінде қант жағдайына қатысты түсініктеме берілді

Қарағанды облысында қант тапшылығы жоқ. Көтерме сауда қоймаларында тәтті тауар қоры бар. Алдағы күндері тағы он вагон жеткізіледі деп күтілуде.

Соңғы бірнеше күнде әлеуметтік желілерде кейбір азық-түлік тауарларының, соның ішінде қанттың тапшылығы туралы түрлі ақпарат тарады. Мұндай ақпарат сұраныстың артуына және базарда алыпсатарлық фактісінің туындауына алып келген. Облыс әкімдігінде қант дүрлікпесі орын алған жағдайға қатысты түсініктеме берілді.

“Таңертең көтерме саудагерлермен сөйлестік. Қазір олар барлық сауда нысандарына қант жібереді. Қоймаларда 500 тоннадан астам қалдық бар. Бұдан басқа, он вагон келе жатыр және тағы бес вагон қанттың ақшасы төленді”, – деп хабарлады кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Аблаева аппараттық кеңесте.

Ол тұрақтандыру қорында қант қоры бар екенін және азық-түлік корпорациясы өнім партиясын бөлетінін жеткізді.

“Негізсіз дүрлікпе бар. Қантқа да, басқа тамақ өнімдеріне де қатысты проблемалар жоқ. Жағдайды ерекше бақылауда ұстауды сұраймын. Алыпсатарлық болған жағдайда мәселелерді жедел шешу керек”, – деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда үш айға жететін қант қоры бар екенін мәлімдеді. Экономикалық санкцияларға байланысты Ресей билігі жарты жылға қант экспортына тыйым салған еді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button