Хабар

Қарағанды облысында сайлаушылардың 74%-ы дауыс берген

Қазіргі уақытта кейбір сайлау учаскелерінде сайлау бюлетендерін санау бойынша жұмыстар жүргізіліп, хаттамалар рәсімделуде.

Қарағандыда ауыл әкімдерінің сайлауында сайлаушылар тізіміндегі 60 мыңнан астам азамат дауыс берген. Бұл жайында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетов Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Сайлау процесінің алдын ала қорытындысы бойынша Қарағанды облысындағы сайлаушылар тізіміндегі 81 мың адамның 60 мыңнан астамы дауыс берген. Бұл сайлаушылардың 74 пайызын құрайды.

Облыста ауыл әкімдерін сайлау науқаны аяқталды. Аймақта 149 сайлау учаскесінде 75 елді мекеннің әкімдерін сайлау өтті. Барлық сайлау учаскесінде азаматтардың, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың сайлауда дауыс беруіне барлық жағдай жасалды. Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша қажетті шаралар сақталды,- дейді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е. Аймағамбетов.

Дауыс беру барысын кандидаттардың 127 сенім білдірген адамдары, саяси партияның 250 байқаушысы, қоғамдық бірлестіктер мен басқа да коммерциялық емес ұйымдардан 352 байқаушы, бұқаралық ақпарат құралдарының 37 өкілі, барлығы 760 адам бақылаған.

Қазіргі уақытта кейбір сайлау учаскелерінде сайлау бюлетендерін санау бойынша жұмыстар жүргізіліп, хаттамалар рәсімделуде. Барлық округтер бойынша сайлау өтті деп айтуға болады. Алдын ала деректер бойынша әкімдерді сайлауға 60 мыңнан астам сайлаушы қатысқан. Бұл барлық сайлаушылардың 74 пайызын құрайды, – дейді Е. Аймағамбетов.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button