Хабар

Қарағанды облысында мониторингтік топтар жұмысын күшейтті

Қарағанды облысында карантин мен шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша 112 мобильді топ жұмыс істейді. Бүгінде олар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте жедел басқару орталығының басшысы Қайрат Шорманбаев мәлімдеді.

Республикалық матрицаға, стационарларға жүктемені бағалауға сәйкес, Қарағанды облысы қара-қызыл аймақта орналасқан. Күн сайын аймақта 900-ден астам адам коронавирустық инфекциямен ауырады. Облыстың бас мемлекеттік дәрігерінің қаулысымен карантиндік шаралар күшейтілді. Олардың сақталуын бақылау үшін барлық қалалар мен аудандарда мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді, – деді спикер.

Оның айтуынша, 112 мониторингтік топтың құрамына 600-ге жуық адам кіреді: полиция, мемлекеттік қызметшілер, қоғам қайраткерлері, еріктілер.

Орталық басшысының ақпараты бойынша, 1 қаңтардан бастап мониторингтік топтар 133 348 нысанды тексеріп, 2 130 бұзушылықты анықтады. Жалпы сомасы 103 млн теңгеден астам 1 272 айыппұл салынды. Шілде айында 330 бұзушылық анықталды, олар бойынша 223 заңды тұлғаға, 107 жеке тұлғаға қатысты актілер жасалды.

Қайрат Шорманбаев қарағандылықтарды жағдайға саналықпен қарап, карантинді бұзу фактілері туралы хабарлауды сұрады.

Өз денсаулығы мен жақындарына алаңдайтын саналы азаматтардың қатысуы маңызды. Бақылау – бұл бизнеске қарсы күрес емес, қажетті қауіпсіздік шаралары. Егер сіз бұзушылықтардың куәсі болсаңыз, Senim қызметіне 109 нөміріне қоңырау шалыңыз. Ақпарат тексеріледі және расталған жағдайда шаралар қабылдау үшін материалдарды санэпидбақылау органдарына жібереді, – деп атап өтті жедел басқару орталығының басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, мониторингтік топтар бұзушылықтарды тек бес санитарлық талап бойынша ғана тіркей алады:

– жұмыс тәртібі;

– отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

– әлеуметтік қашықтық;

– маска режимі;

– келушілер санының лимитінен асуы.

Мониторингтік топтардың кәсіпкерлерге айыппұл салуға құқығы жоқ. Бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік іс қозғау үшін материалдар санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне беріледі.

Бұзушылықтар үшін айыппұлдар сомасы:

– 87 510 тг. – жеке тұлғалар үшін;

– 670 910 тг. – шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін;

– 904 270 тг. – орта кәсіпкерлік субъектілері үшін;

– 4 667 200 тг. – ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button