Хабар

Қарағанды облысында карантин ұзартылды

Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин облыс аумағында карантин режимін ұзартты.

Санитарлық дәрігердің 19 қаңтардағы қаулысында меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындарға шектеулер көрсетілген. Атап айтқанда, басшылық өз қызметкерлерінің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға бір мезгілде екі адамнан көп кіруіне шектеу қоюы керек.

Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс, мереке және демалыс күндері жұмыс істеу режимі сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі. Толтырылуы 50%-дан аспауы тиіс (50 отыратын орыннан артық емес). Ұжымдық және еске алу іс-шарары өткізілмейді.

Тамақты өзімен алып кету және жеткізу уақыты шектелмейді.

Мәдениет нысандарының қызметі толымдылығы 20%-дан аспайтын жағдайда жүзеге асырылады. Дайындық тек 30 адамнан аспайтын жағдайда ғана мүмкін болады.

Кинотеатрлар көрермендермен толығуы 20%-дан аспаған жағдайда жұмыс істей алады (30 адамға дейін).

Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу жедел жәрдем шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ, үйде медициналық көмекке жүгінуге болады.

Жексенбіде жабық азық-түлік және азық-түлік емес базар, сауна, монша, СПА орталық, массаж салоны, ОСО, СҮ, ауданы 2 000 шаршы метрден асатын сауда желілерінде азық-түлік супермаркеті, дәріхана, сән салоны мен химиялық тазарту орындарынан басқаларының қызметі тоқтатылады.

Облыста караоке, бильярд және компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг-орталықтар, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, букмекерлік кеңселер, балалардың сауықтыру лагерлері, банкет залдары мен аквапарктер жабық күйінде қалып отыр.

Балабақшалар тек кезекші топтарда жұмыс істейді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button