Хабар

Қарағанды облысында кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы әзірленді

Қарағанды облысының кәсіпкерлері қосымша мемлекеттік қолдау алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол үшін өңірде “Кәсіпкер” арнайы бағдарламасы әзірленді. Моноқалалар мен облыс орталығының ШОБ өкілдері өз ісін дамытуға жеңілдетілген несие ала алады.

Кәсіпкерлерден өтінімдерді қабылдау желтоқсанның екінші жартысында басталады. Бағдарламаны іске қосуға 500 млн теңге бөлінді – оның жартысы Қарағанды облысының әкімдігі, қалған 250 млн теңге – “Даму” қорынан. 2023 жылы кредиттік портфельді миллиард теңгеге жеткізу жоспарлануда.

Кәсіпкерге қарыз сомасы жылдық 5%-бен 50 миллион теңгеден аспайды. Несиелеу мерзімі – 5 жылға дейін. Кепілмен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда “Даму” қоры кредиттерге ішінара кепілдік беру құралы бойынша – кредит сомасының 85%-на дейін мемлекеттік қолдау көрсетеді, – деді кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрлан Әлімжанов.

Несиелеу “Банк ЦентрКредит” және Bank RBK арқылы өтеді.

Экономиканың төмендегідей басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер жеңілдікті қарыз ала алады:

– өңдеу өнеркәсібі;

– көлік және қойма;

– тұру және тамақтану қызметтері;

– ақпарат және байланыс;

– кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;

– жалға алу, жалға беру, лизинг;

– туроператорлар, турагенттер және туризм саласында қызмет көрсететін өзге де ұйымдар;

– білім;

– денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;

– спорт, демалыс және ойын-сауық ұйымдары;

– компьютерлерді, жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеу;

– басқа жеке қызметтерді ұсыну.

Нұрлан Әлімжановтың айтуынша, осы салалардағы кәсіпкерлерді қолдау жергілікті өндірісті кеңейтуге және кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button