Хабар

Қарағанды облысы әкімінің халықпен есептік кездесуінде сұрақтарды қалай қоюға болады

Жеңіс Қасымбектің есеп беру кездесуіне қатысты сұрақтарды әлеуметтік желілерде #Suraq09 хештегін көрсетіп, қоюға болады. Сондай-ақ, оларды Қарағанды облысы әкімдігінің сайтына, «сұрақ-жауап» бөліміне келесі сілтеме арқылы жіберуге болады https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/virtual-reception/question?lang=ru немесе аймақтың қалалары мен аудандарында орналасқан арнайы қораптарда қалдыру мүмкіндігі бар (https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/events/details/6517?lang=ru). Сондай-ақ, облыс әкіміне LED-экрандар орнатылатын жерлерге келіп, есеп беру кездесуін трансляциялау кезінде жеке өзіне жүгінуге болады:

– Сұрыптау: Теміржолшылар МҮ, Мәметова к-сі, 111;

– Пришахтинск: «Молодежный» МҮ, 22-ші ш / а, 27/1;

– Майқұдық: Жаңа Майқұдық МҮ, Магнитогорская к-сі, 19;

– Оңтүстік-Шығыс: Достық үйі, Шахтерлер даңғылы, 64;

-Жаңа қала: Кеншілер МҮ, Бұқар жырау даңғылы, 32.

Сонымен қатар, есеп беру кездесуін трансляциялау кезінде сұрақтар 109 қысқа нөмірі және 8-708-703-58-58 WhatsApp нөмірі бойынша қабылданады. Хабарламаларды мессенджерге тек 19 ақпанда облыс әкімі баяндамасын оқығаннан кейін жіберуге болады.

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары, карантиндік шектеулерге байланысты Жеңіс Қасымбектің есеп беру кездесуінің форматы онлайн болып өзгергенін еске саламыз. 19 ақпанда сағат 10.30-да облыстың барлық телеарналары аймақ басшысының есептік баяндамасын бір уақытта көрсететін болады.

Тікелей эфирді әлеуметтік желілерде де көруге болады:

– Қарағанды облысы әкімдігінің ресми аккаунтында – Instagram Akimat09;

– Saryarqa TV YouTube-арнасында;

– еkaraganda.kz ақпараттық порталында.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button