Хабар

Ғасырдың соңына қарай әлемде 1500-ге жуық тіл жойылып кетуі мүмкін

Статистика бойынша, қазір әлемде ресми мойындалған 7000-ға жуық тіл бар.

Австралиялық ғалымдар тілтанымдық зерттеу жүргізіп, осы жүз жылдықтың соңына қарай шамамен 1500 тіл қолданыстан шығып кетуі мүмкін екенін анықтаған. Олардың жұмысы «Nature Ecology and Evolution» ғылыми журналына шыққан.

Статистика бойынша, қазір әлемде ресми мойындалған 7000-ға жуық тіл бар, бірақ олардың жартысына жоғалып кету қаупі төніп тұр. Зерттеу авторларының айтуынша, халықаралық қоғамдастық бұл проблеманы шешу үшін шаралар қолдану керек. Олар үкіметке билингвистикалық (екі тілді) білімді қолдауды ұсынды. Сол кезде адамдар тек басым аймақтық тілді емес, сондай-ақ байырғы адамдардың да тілін білетін болады.

Қандай да бір шаралар қолданылмаса, тілдердің жоғалу процесі алдағы 40 жылда үш есе жылдамдауы мүмкін, — дейді зерттеу авторы Линделл Бромхэм.

Ғалымдар тілдердің жоғалу жылдамдығына әсер ететін 50-ден аса факторларға анализ жүргізген. Олардың арасында елдердің білім саласындағы саясаты, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, экология және мемлекеттік құқықтық тану бар.

Тілдерге әсер ететін күтпеген фактордың бірі — жол инфрақұрылымы. Қала мен ауылдарды қаншалықты көп жол байланыстырса, тілдің жоғалу қаупі соншалықты жоғары болған. Себебі кең қолданыстағы тілдер сирек пайдаланылатын тілдерді басып кетеді екен.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button