
Әсел Рымбекова – продюсер
Bekzhan – әнші
Әншінің күні қалай басталады?
– Мен өзім музыкалық колледжде оқимын. Тағы студия бар. Сонымен, барлық күнім сол әнмен басталып, әнмен бітеді.
Продюсерлік қызмет қандай?
– Біріншіден екінші анасы бола алдым. Екінші сол продюсері болып қызмет атқарғаннан кейін қазір Бекжан өз авторлық әндерін жазып жатқаннан кейін барынша қолға алып, жұмыс жасап жатырмыз.
– Қазіргі таңда өз авторлық әнімді жазып, танымал әнші болуға еңбек етіп жатырмын. Өзім Тәттімбет атындағы өнер колледжінде Эстрадалық вокал 2 курста оқимын.
Әсел ханым, сіздің продюсер болғаныңыз бекер емес секілді. Көбіне продюсер табу оңай болып көрінеді. Неліктен продюсерлікті қолыңызға алдыңыз? Сонымен бөліссеңіз!
– Біріншіден, бұл Бекжанның өз қалауы. Енді кішкентай кезінен концерттен-концертке, конкурстан-конкурсқа апарып жүрдім ана ретінде. Бірақ, шынымен өзімді болашақ продюсері ретінде елестететінмін. Колледжге түскеннен кейін біраз үзілістер болды. Міне, осы биыл білек сыбана жұмысқа кірісіп жатырмыз. Сіздерге келіп отырған басты себебіміз де осы, Бекжанның шыққан авторлық үшінші әнінің тұсауын сіздердің студияларыңызда кестіргіміз келіп тұр.
Бекжан енді анаңызға продюсер ретінде сипаттама берсеңіз.
– Продюсер ретінде жақсы. Ең бастысы қолдау бар. Әр жазған әнімді көрсетемін, өз қолдауын білдіріп, ұнатып, өз құлаққабында әрдайым тыңдап жүреді.
Негізі кейбір продюсерлер шарт қояды. Бұл болмайды, болады деген секілді. Сізге қандай шарттар қойды?
– Жоқ, маған ондай шарттарды әзірге қоймады. Өзім құрастырып жүрмін. Жеке өміріме араласпайды.
– Енді менің міндетім, Бекжан өзі үлкен жасқа жетті. 16 жас деген кәмелеттік жас деп айтуға болады. Өзі әндерін өзі жазады. Менің тарапымнан тек қана жан-жаққа шығару, танымал ету.
Бекжан мен Әсел ханым біздің студиямызға жайдан-жай келген жоқ. Өз әндерінің тұсауын кескелі келіп отыр. Енді, сол ән туралы толығырақ айтып өтсеңіздер.
– Әннің аты «Ayten» деп аталады. Әлі жарыққа шықпады. Бұйырса, осы айдың аяғында шығарамын деген ой бар. Әні де, сөзі де өзімдікі. Негізі, барлық әндерімнің сөзін өзім жазамын. Осы «Ayten» әнінің сөзін Мақсат деген ақын досым бар. Сол кісі екеуіміз бірігіп жаздық.
Осы әннің шығуына кім немесе не түрткі болды?
– Ондай ешқандай бір нақты себеп жоқ. Себебі, мен барлық әндерімді шабыт келген кезде, гитарамды қолыма алып отырып жазамын. Сосын, оны Қарағанды немесе Алматы қалаларына өңдеуге жібереміз.
Қай әні болмасын бірінші сізге әкеліп тыңдататын шығар. Сізбен ақылдасады ғой иә? «Осы әнді шығарсам қалай қарайсыз?» деген, сияқты.
– Иә, өңдемей тұрып. Қағаз нұсқасын нешінші болып тыңдасам да көремін, тыңдаймын. Негізі, қай әні болмасын маған бірінші естіген кезде ақ ұнайды. Сосын, мен өз қолдауымды білдіремін. Осы жолғы «Ayten» әні маған ерекше ұнады.
«Ayten» әні не туралы?
– Махаббат туралы. Керемет бір сезімге байланысты.
Алдағы уақытта, қанша ән шығару жоспарда бар? Мүмкін, осы әнге бейнебаян түсіретін ойларыңыз бар шығар.
– Иә, міндетті түрде осы әнге, одан кейін тағы бір әніміз тұр. Бұйырса, осы алдағы жаз айларында екі бейнебаян шығарамыз деп жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде дайын үш ән бар.
Әсел ханым бір жағынан ана бол, бір жағынан продюсер болу негізіген оңай емес дүние секілді. Қалай барлығына үлгеріп жатырсыз және онымен қоса өз жұмыстарыңыз да бар шығар?
– Иә, әрине жұмыс бар. Бірақ енді сонша үлгермейтіндей нақты кірісіп жатқанымыз енді. Бұйырса, ұнатып тұрған жұмысыңның бәріне үлгересін ғой. Қаладан қалағы күніне бес, алты рет болса да шығуға дайынмын.
Бекжанның продюсері қандай?
– Бірінші іздену ғой бұл жерде. Жаңа өзі айтып жатыр «Әзірге ешқандай талап жоқ» деп. Бірақ, мен ойлаймын қазір нақты кіріскеннен кейін талап болады, режим деген болады. Енді, қарап отырсам өнерде жүрген жандардың барлығы түнімен жұмыс жасайды. Жаңа өзі де айтып отыр ғой «Шабытым түнде ғана келеді» деп. Басында ұрысатынмын. Кейіннен қарасам шығып жатқан әндерінің барлығы тек түнде жарық көреді. Сондықтан, ол өмірге де дайынбыз. Бәрін қабылдаймыз. Ең бастысы іздену, моральды қолдау және материалдық қолдау.
Бекжан өзіңіз кішкентай кезіңізден әнмен айналысатыныңызды айтып қалдыңыз. Неше жастан бастап түсіндіңіз әнші болғыңыз келетінін?
– Басынан көп ән конкурстарына қатысып жүрдім. Ал, нақты шешімді 13 жасымда қабылдадым.
Әнші болуыңызға кім түрткі болды? Осы кісі секілді әнші болғым келеді дейтіндей өз кумиріңіз бар шығар.
– Сол кезден бастап тыңдап өскенім Садраддин. Сол кісіні көріп, шыны керек шабыттанып, осы кісі секілді болғым келеді деп, сол кісіге қызығып өнер жолын бастап кеттім.
Енді ең бірінші жазған әнін туралы айта өтсен. Не туралы болды және қай жасында жаздын?
– Бірінші жазған әнім орысша ән болды. «Ты моя любовь» деп аталады. Колледжге түскен кезде студияда отырып, досыммен бірше жазған әніміз. Негізі ол досымның әні болатын. Одан кейін ол әнді мен алып, әрі қарай өзім жалғастырдым.
– Негізінен Бекжан екеуіміздің шығармашылық талғамымыз бір. Сондықтан, маған қиын емес көңілін табу. Себебі, мен өзім шығармашылық адаммын. Көбіне шығармашылықтың актерлік жағына жақынмын. Бірақ, бәрін бірдей алып жүргім келеді.
Келген қонақтарымыз Бекжан әнші мен оының анасы және продюсері Әсел Рымбекова ханымға келгендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.