Әлихан Бөкейханның суреттері түрлі түсті бейнеге көшірілді

Белгілі тарихи тұлғалардың суреттерін жаңарту бойынша жаңа жоба қолға алынбақ.

Бұл туралы белгілі қазақстандық саяси және қоғам қайраткері Ерлан Қарин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Бүгін ол желіде Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның түрлі түсті бейнеге көшірілген суретін жариялады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай Әлекеңнің бірқатар суреттеріне реставрация жасап, түрлі түсті бейнеге аударып көрдік. Ондағы мақсатымыз – Алаш қайраткерлерінің өмір жолына, жалпы ұлттық тарихқа жастардың назарын тарту. Бүгін Әлекеңнің суреттерінің жаңа топтамасының алғашқы нұсқасын жариялап отырмын. Түпнұсқасы нашар болғандыктан, әрине анық бейне жасау қиын, әлде де жұмыс істеу қажет, бірақ менің әріптесім, дизайнер, фотосуретші Ғалымжан Аубакиров шетелдік реставраторлардың әдістемесін жан-жақты сараптап, жүктелген міндетті мұқият орындауға тырысты. Жалпы, біз осымен үлкен бір жаңа жобаны бастауды қолға алмақпыз. Кәсіби тарихшылар мен реставратор-суретшілердің тобын құрып, белгілі тарихи тұлғалардың суреттерін жаңартқымыз келеді. Бұл топқа ресейлік әріптестер де қосылатын болады», — деп жазған Ерлан Қарин енді осы жұмысқа мамандар керек екенін айтады.
«Біз олардың жұмысын ұйымдастыруға, қаржы жағынан демеуге дайынбыз», — дейді Қарин.

Автор:

Читайте также

Жапония – ең жылдам қартайып бара жатқан ел

Жапонияда өткен жылы туу көрсеткіші рекорд дәрежеде төмен болған. Күншығыс елі – әлемдегі ең жылдам …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.