Әл-Фараби: Еліңнің болашағын білгің келсе, жастарыңды көрсет…

Данышпан Әбунасыр әл-Фараби: «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонсоң айтып берейін» деп пікір айтқан екен. Пайымы бөлек, тамыры терең ой.

Өйткені елдің де, қарапайым ғана ауылдың да өмірі мен тағдыры болашақ ұрпақтың, яғни, біз бен сіздің қолыңызда. Енді ғана өсіп келе жатқан ұрпаққа байланысты. Жаңа ұрпақ – бұлар жастар. Ал жастар – ел болашағы.

Жалынды, жігерлі жастары мол елдің болашағы ашық, аспаны биік. Жастары енжар, ынжық әрі жалқау елдің болашағы бұлыңғыр, берекесіз. Халқымыз «болар елдің баласы бірін-бір батыр дер, болмас елдің баласы бірін-бірі қатын дер» дейді. Батыр болар елдің ұрпағы бір-бірін әрқашан қолдауға, береке-бірлік танытуға, ынтымағын асырып, татулығын бекітуге тырысады. Мұндай елдің қамалын еш жау ала алмайды. Әрі іштен жау шығармайды.

Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін!» дегенді бекер айтпады. Өйткені ол дәуірдің жастары ерекше жалынды. Мағжан мен Сұлтанмахмұттай, Мұхтардай жігерлі, елінің ертеңін ойлаған жастар еді. ХХ ғасырдың басы қазақ өнері мен әдебиеті, қоғамдық өмірі мен саяси тағдыры үшін келелі кезең болды. Қазақ халқына еуропалық білім мен ғылым келді. Мәдениеті мен өнерінде революция болды. Бүкіл саласы көріктей қызып, қайнап жатты. Ұлт зиялылары қалыптасты. Олар елдің болашағын, мемлекетінің тұтастығын сақтап қалу үшін өмірінің соңына дейін күресіп өтті. Елдің бүкіл білімді, қаймақтары жиналып, елдің болашағын талқылап, елді ағарту мен ақтап алу үшін бірігіп іске кірісті. Бір ғана мысал. Сол дәуірдің жастары бас қосып, бір-бір салаға тірек болды.

ХХ ғасыр басындағы жастардың келбетіне қарасаңыз, ерте жастан іске кірісіп, нәтиже мен жетістікке жеткен ұрпақ екенін көресіз. 1917 жылы Мұхтар Әуезов қазақ даласында алғаш пьеса қойып, «Еңлік-Кебек» қойылымын сахналағанда 20 жастағы бозбала болатын. Ал Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романын да 20 жаста жазып бітірген.

Демек, жастардың ұлы болуға деген арманы ерте жастан басталған. Ерте тұлға боп қалыптасқан. Елдің тағдыры мен билігіне ерте жастан араласып, елінің болашағына ерте жастан қам жеген.

massaget.kz

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қарағандыда спецкокс өндірісін ұлғайтады

Жаңа зауыттың құрылысы ERG (Еуразиялық топ) құрамындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ-тың өнеркәсіп алаңында басталып кетті. Бұл …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *