
Новости
Ұлттық банк Евней Бөкетовтің 100 жылдық мерейтойына орай коллекциялық монеталар айналымға шығарды
Академик, белгілі химик-ғалым Евней Бөкетовтің 100 жылдық мерейтойына орай коллекциялық монеталар айналымға енді. Қазіргі таңда оның есімі Қарағанды ұлттық зерттеу университетіне берілген.
Монеталардың номиналы – 200 теңге, жалпы саны – 5000 дана.
Қазақстан Ұлттық банкінің хабарлауынша, бұл монеталар «Елеулі оқиғалар мен тұлғалар» топтамасы аясында шығарылып отыр. Оларды 22 қыркүйектен бастап реттеуші органның интернет-дүкені арқылы сатып алуға мүмкіндік бар.
Монетаның дизайнында Евней Бөкетовтің портреті бейнеленген.
Мельхиор (МН 25) қорытпасынан жасалған монетаның салмағы 15 граммды, диаметрі 33 мм-ді құрайды. Жасалу сапасы — brilliant uncirculated.
