Понедельник, 30.01.2023

Үш жылда синтетикалық есірткіге тәуелді жастар саны екі жарым есеге артқан — депутат

Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов палатаның жалпы отырысында жастар арасындағы есірткіге құмарлық мәселесін көтерді.

Депутаттың айтуынша, бүгінде жастардың денсаулығына, әл-ауқатына және қауіпсіздігіне залал келтіретін өткір проблемалардың бірі – нашақорлық.

«Соңғы үш жылда синтетикалық есірткіге тәуелді жастардың саны екі жарым есеге артқан. Себебі, синтетикалық есірткілер жасөспірімдер үшін арзан әрі оған оңай қол жеткізуге болады», – деді Ғ. Елеуов.

Осы орайда мәжілісмен Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтан синтетикалық және тағы басқа есірткілермен «байланыссыз» сауда арналарын анықтау мен олардың жолын кесу үшін қандай шаралар қолданып жатқанын сұрады. Сонымен қатар есірткі тарататын адамдарды жазалауды қатаңдату жөнінде министрліктің атқарып жатқан іс-әрекеттері туралы сауал қойды.

М.Қожаев атап өткендей, 2019 жылдан бері есірткі тасымалдаушыларға қатаң жаза белгіленген. Оларды 5 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылған. Сондай-ақ, елімізде бірнеше наркозертхана, притондар анықталып, 105 килограмнан астам синтетика тәркіленген. Оның бағасы 2 млрд теңгеден асады.

Өз кезегінде, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі осы бағытта министрлікте арнайы жұмыс тобы 2019 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатқанын айтты. Олар күндіз-түні бақылау қызметтерін іске асырып, әрі қарай Ішкі істер министрлігіне тапсырады.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қазақстанда үш жылда 1 300 шақырым жол салынбақшы

Президент «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады. Ақорданың хабарлауынша, …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *