Понедельник, 30.01.2023

«Қыз өссе – Instagram көркі». Қазақтың заманауи мақал-мәтелдері қандай?

Уақыт өтіп, заман жаңарған сайын, бүгінгі күнді сипаттайтын, қазіргі адамға өзекті мақал-мәтелдер де туындап жатқандай.

Мақал-мәтелдер қазақ халқының тұмыс-тіршілігін, дүниеге деген көзқарасын, арман-мүддесін дәлме-дәл сипаттайды. Мағынасы терең, ойды дәл берген мақалды орнымен қолданудың маңызы зор. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» де мақал-мәтел арқылы қойылған. Ал «Елу жылда – ел жаңа» дегендей, бүгінгі заманның мақал-мәтелдері де өзгерген. Әлеуметтік желіде «заманауи мақал-мәтелдер» деп аталған топтар да бар. 

Informburo.kz порталы интернет сайттар мен желіде жарияланған жаңа заманның мақал-мәтелдерінің үздік топтамасын әзірледі.

Жазушы, журналист Ермахан Шайхыұлының мақал-мәтелдері:

Жаңа қазақ мақтанса, ағылшын тілін білем дер. 
Сана жеңбегенді пара жеңеді. 
Заңгерге заң жүрмейді. 
Тағы бардың сағы сынбайды. 
Тояр жерге туың тік.
Жаман қазақтың аузында – сүр ет, жаңа қазақтың алдында – күзет.
Бір қазақ «Мерс» мінсе, жүз қазақ кебіс киеді. 
Журналистің жазғаны – керім, жегені – желім. 
Әйел жүрген жерде шу қалады. 
Құдалықта киген тон келте болмас. 
Сырахана жағалағанның шөлі канбайды. 
Демеуші болмаған фирмадан, қаңырап тұрған ферма артық. 
Ұл өсірме, қыз өсір, Қалыңмалы оның кұл-көсір. 
Бастықты есепшісі асырайды. 
«Әкім біледі» деген өседі, «Өзім білемін» деген өшеді. 
Бір полиция екі парақорға татиды.
Бір парақор қолға түссе, қырық парақор түс көреді.
Өлген кезінде бәрі жақсы, жаман адам қайдан шығады?
Екі орынбасар ерегіссе, Бас инженер бастық болады.
Бастық күлсе, орынбасары езу тартады.
Танысыңа сенбе, табысыңа сен.
Еркек жүрген жерде шөлмек қалады.
Үш рет депутат болсаң да, халықтың қарызынан құтыла алмайсың.
Шенеунікте шер жоқ.

Әнші Аймұханбет Бейсембековтің мақал-мәтелдері:

Қалтасына қарай – тоқалы, заманына сай – мақалы.
Қазақ тілін мемлекттік тіл дейді, ал ол тілді министрлер білмейді.
900 мың алатын депутаттар не демейді, ал кедейлер ашыққанда не жемейді.
Пара бермей пара алатын «креслоға» отырмайсың.
Параны бергеннің «іші ашиды», алғанның «мерейі тасиды».
Алдымен «баксыңды» тық, содан кейін «басыңды сұқ».
Шайпау қатын – ердің соры, жемқор билік – елдің соры.

Желі пайдаланушыларының мақал-мәтелдері:

Жаңбырмен жер көгерер, трафикпен сайт көгерер.
Жалғыз админнің шаңы шықпас. 
100 Kaztube-ің болғанша, 1 Youtube-ің болсын. 
Боранды күні қасқыр мен блогер құтырады. 
Жаза-жаза блогер боласың. 
Блогерлі шара – базар, блогерсіз шара – мазар. 
Білегі күшті бірді жығады, блогы күшті мыңды жығады. 
Постын көріп, достығын ал. 
Блогер бала блогынан. 
Идея кезде бәрі жақсы, жаман жоба қайдан шығады. 
Жеті рет өңдеп, бір рет жаз. 
Қыз өссе – Instagram көркі. 

Материалда авторлардың zharar.com сайтында жарияланған туындылары қолданылды.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қазақстанда үш жылда 1 300 шақырым жол салынбақшы

Президент «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады. Ақорданың хабарлауынша, …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *