Қыс-2022: оқу-жаттығу аясында дабыл белгілері қосылады

24-25 қараша аралығында Қазақстанда «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Шара аясында дабыл белгілері қосылады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Мақсат – қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау.

Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару жөніндегі республикалық штаб Қостанай қаласында орналасады. Шара 24 қараша сағат 8:00-де (Гоголь көшесі, 79а, Өрт сөндіру қызметінің ғимаратындағы дағдарыс орталығы, 1-қабат) басталады.

Қостанай облыстық ТЖД және азаматтық қорғау құралымдарының оқу-жаттығуға тартылатын бөлімшелері Қостанай қаласындағы «Қонай» шағын ауданында авариялық-құтқару кезек күттірмейтін жұмыстарын практикалық орындау бойынша іс-қимылдарды оқу-жаттығу орнында пысықтайды.

«Халықтың назарына! «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын ұйымдастыру барысында облыс аумағында төтенше жағдайлар қаупі туралы халықты электросиреналарды іске қосу және телеарналарды қармау арқылы хабардар етуді тәжірибелік пысықтау жүзеге асырылады. Азаматтардан тыныштықты сақтауды және ешқандай әрекет жасамауды сұраймыз», — делінген ведомство хабарламасында.

«Қыс-2022» оқу-жаттығуы шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдарды, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдарды пысықтау үшін командалық-штабтық жаттығулар жоспарланған.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Зейнетақы жинағын пайдалану: 2023 жылға ең төменгі жеткіліктілік шегі белгіленді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын пайдаланудың 2023 жылға ең төмен жеткіліктілік шегін …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.