ҚР Оқу-ағарту министрі соңғы оқыған үш кітабын атады

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов соңғы оқыған үш кітабын атады, деп жазады inform.kz

«Кітап оқыған өте маңызды. Өз жұмысымда әртүрлі талдауларды, сараптамаларды, ақпаратты оқимын. Оған қоса, әрине, көркем әдебиетті де оқу пайдалы. Соңғы оқыған кітаптарымның бірі — Мэтью Сайедтің «Қара жәшік» принципі» кітабы. Одан кейін Гарвард профессоры Майкл Сэнделдің «Тирания заслуг» атты ағылшын тіліндегі кітабын оқыдым. Үшіншісі, жуырда ғана Ремарк жазған «Лиссабондағы түн» кітабын оқып бітірдім. Онда екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы оқиғалар баяндалады. Біз «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларына көркем әдебиеттер сатып алып, балаларды оқуға белсенді түрде баулып жатырмыз және бұл жұмысты одан әрі жалғастырамыз», — деді Асхат Аймағамбетов.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Жарты жылда Қазақстаннан 12 мыңнан астам адам көшіп кетті

Ұлттық статистика бюросының жаңарған деректеріне қарағанда, 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанға 7287 адам келсе, елден …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.