Қонаев қаласына қош келдіңіз!

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды.

Осылайша, Жетісу өңірінде тарихи өзгеріс болып, Қап­шағай қаласының атауы өзгер­ді. Енді шағын шаһар еліміз­дің біртуар азаматы, мемлекет және қо­ғам қай­раткері Дінмұхамед Қонаев­тың құрметіне орай аталмақ. Бұған дейін Президент халыққа арна­ған Жолдауында қазіргі Алматы облысының орталығын Қапшағай қаласы етіп қайта бөлу туралы және қаланың атауын Д.Қонаевтың аты­на ауыстыру жайына тоқ­тал­ған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда «Алматы агломерация­сына қа­тысты түйткілдер көп. Осы және басқа да жайттарды ескере оты­­рып, Алматы облысын екі­ге бөлу­ді ұсынамын. Бұл өңір­де Жеті­су және Алма­ты об­лыс­тары құ­ры­ла­ды. Ал­маты об­лы­сының ор­та­лығы Қап­шағай­да болуы керек. Ал Же­тісу облы­сы­ның ор­­та­лығы Тал­ды­қор­ғанда ор­на­ла­­сады» деп атап өткен бо­ла­­тын.

Сон­дай-ақ облыс­тың жаңа ор­­та­лы­ғының атауына қа­тыс­ты «Қап­шағайға Дінмұ­ха­мед Қонаевтың есімін беру ұсы­нысы­на қо­сы­ламын» деді. Мем­лекет бас­шы­сы­ның ұсынысы ел ішін­де қызу қолдау тапты. Алды­мен мә­селе Қапшағай қала­лық мәс­­ли­хатының тұрақты комис­сиясының отырысында қаралып, қаланы «Дінмұхамед Қонаев қаласы» деп қайта атау бастамасы күн тәртібіне қойылған болатын. Одан кейін бұл ұсыныс облыс деңгейінде қолдау тауып, одан әрі республикалық ономастика комиссиясының талқылауына жіберілген еді.

Міне, енді Мемлекет басшы­сының Жар­лығы да жария болды. Президент Жар­лығын жеті­сулықтар ғана емес, күллі қазақ елі зор қуанышпен қабыл алды. Бұл қазақ тарихындағы қайталанбас тұлға – Дінмұхамед Қонаевқа деген халық құрметінің көрінісі болса керек.

«Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ел басқарған уақыт ара­­лығында Ақтау, Арқалық, Екі­бас­тұз, Қаратау, Рудный, Кентау, Жаңа­өзен, Қапшағай секілді 43 қала, 68 жұмысшы кенті бой көтер­ді. Атыраудан Алтайға, Қаратау­дан Торғай дала­сына дейін ен жайлап жатқан елдің әлеуметтік тұр­мы­сы, мәдениеті мен экономикасы өрлеу үстінде болды. Нақ­ты цифр­ларға жүгінсек, 1955 жыл­дан 1985 жыл аралы­ғын­да Қазақ­стан өнеркәсіп өндірі­сінің көле­мі 8,9 есе, ауыл шаруа­шы­лығы 6,2 есе, құрылыс 8 есе­ге жуық өсті. Осындай көр­­сет­кіш­терді саралағанда аталған мер­­зім­де еліміз өнеркә­сібінің өр­кен­деуі жағынан одақ­тас рес­пуб­ли­калардың маң­дайал­дысы болғанын ешкім де жоққа шы­ғара алмайды. Яғни елдің қазіргі ықыласы мен атқа­рушы билік­тің құрметі – Қап­шағай қаласына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру туралы Жарлықты тарихи әді­летті шешім деуге болады. Ұза­ғы­нан сүйіндірсін», – дейді Алма­ты об­лысының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Аманғазы Шегіров.

egemen.kz

Автор: Корреспондент

Читайте также

PISA: қазақстандық оқушылардың білім деңгейі айтарлықтай жоғарылаған

Қазақстанның атынан PISA зерттеуіне 270 мектеп пен колледж қатысқан. Мектептерге арналған PISA аппробациялық зерттеуінің ерекшелігі …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.