НовостиСоциальные темы

Қоғамдық бақылау — тиімді басқарудың және сапалы қызметтің басты шарты

Қарағанды қаласындағы №3 емханада азаматтық қоғам өкілдері және МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті қызметкерінің қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді.


Бақылаудың негізгі мақсаты – көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін бағалау, сондай-ақ халыққа қолайлы жағдайлардың жасалу деңгейін анықтау.
Қоғамдық бақылау нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталып, оларды жоюға бағытталған нақты ұсынымдар әзірленді. Сонымен қатар, қызмет көрсету сапасын жетілдіруге қатысты ұсыныстар берілді.


Департамент мұндай іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруды тұрақты бақылауда ұстап келеді.

Back to top button