Новости

Қазан айында Республика күніне байланысты қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды.

Биыл қазан айында қазақстандықтар Республика күніне орай қосымша демалыс күнінен бөленеді. Нәтижесінде келесі айда ел тұрғындары жалпы 9 күн демалатын болады.

2025 жылғы мереке және демалыс күндерінің ресми күнтізбесіне сәйкес, 25 қазан – Республика күніне байланысты қосымша демалыс қарастырылған.

Аталған мереке биыл сенбіге түсіп отыр. Еңбек заңнамасына сәйкес, егер ұлттық мереке сенбі немесе жексенбіге тап келсе, демалыс күні бір күнге ұзартылып, келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

Осыған байланысты, бес күндік жұмыс аптасына сәйкес жұмыс істейтін азаматтар 25, 26 және 27 қазан күндері қатарынан үш күн демалады.

Статьи по теме

Back to top button