Новости

«Қазақтелекомның» экс-басшысы Тоқаевтың көмекшісі қызметін атқарды

Қуанышбек Есекеев Қазақстан президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып бекітілді және ол өзінің бұрынғы лауазымынан босатылды», – делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қуанышбек Есекеев президенттің кеңесшісі қызметін атқарған.

Ақорданың ресми сайтындағы дерекке сәйкес, Қуанышбек Есекеев 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т. Тысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін және Hult халықаралық бизнес мектебін тәмамдаған.

Қуанышбек Есекеев іскерлік басқару магистрі және физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қолданбалы математика кафедрасында аға оқытушы ретінде бастаған.

1998-2000 жылдары «Қазақойл» акционерлік қоғамында Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры болды.

2000-2002 жылдары «Қазақстан темір жолы» РММ-де департамент басшылығын атқарды.

2002 жылы Қаржы министрлігінің Ақпараттандыру департаментін басқарды.

2002-2003 жылдары Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің Ақпараттандыру департаментінің директоры болды.

2003-2004 жылдары қайтадан Қаржы министрлігінің Ақпараттандыру департаментін басқарды.

2004-2006 жылдары Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде төраға орынбасары болып қызмет атқарды.

2006-2007 жылдары осы агенттіктің уақытша төрағасы болды.

2007-2010 жылдары Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы болды.

2010-2024 жылдары «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2024-2025 жылдары Қазақстан президентінің кеңесшісі болды.

Back to top button