Понедельник, 24.01.2022

Ұлттық оператор абоненттері қаңтар айында 50% жеңілдік алады

Бұған дейін хабарланғандай, телеком-оператор барлық абоненттерге 2022 жылғы 31 қаңтарға дейінгі мерзімде лимитсіз қалааралық қоңыраулар, сондай-ақ республиканың ұялы байланыс операторларының нөмірлеріне тіркелген қалалық телефоннан қосымша ақысыз 1 000 минут берген.

«Қазақтелеком» қаңтар айында бөлшек сегменттің барлық клиенттеріне 50% жеңілдік ұсынады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Түзетілген шот ақпан айында шығарылады, өйткені төлемдер әдетте келесі айдың 25-іне дейін жасалады.

Компания елдегі ТЖ режиміне байланысты шаралар туралы жариялады.

«Біз, әрине, өз клиенттерімізді қолдау үшін тұтас шаралар кешенін әзірлеп, елде болған қайғылы оқиғалардан тыс қала алмадық. Біздің абоненттер алдындағы жауапкершілікті түсіне отырып, компанияның топ-менеджменті жеке тұлға абоненттерге ағымдағы жылдың қаңтар айындағы қызметтерге ай сайынғы төлемдерге 50% мөлшерінде жеңілдіктер беру бойынша бұрын-соңды болмаған шешім қабылдады», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Сонымен қатар, «Қазақтелеком» шектеулі интернет жағдайында iD TV сервисіне және TV+ платформасына: қазақстандық телеарналар мен «Қазақстанда жасалған» кітапханасына қолжетімділік ашты.

Теледидарды көрудің екі әдісі бар:

  1. www.onelink.to/pgeqxy сілтемесі бойынша TV + жүктеу және қосымшада тіркеуден өту.
  2. tv.telecom.kz сайтына өту және тіркеуден өтіңіз.

Бұған дейін хабарланғандай, телеком-оператор барлық абоненттерге 2022 жылғы 31 қаңтарға дейінгі мерзімде лимитсіз қалааралық қоңыраулар, сондай-ақ республиканың ұялы байланыс операторларының нөмірлеріне тіркелген қалалық телефоннан қосымша ақысыз 1 000 минут берген.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: Корреспондент

Читайте также

Онлайн, қашықтан оқыту, көктемгі каникул: БҒМ маңызды сұрақтарға жауап берді

Бүгін «БҒМ LIVE» жобасында Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Сапура Төлекова үшінші …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *