Понедельник, 30.01.2023

Қазақстандықтар аттестат пен дипломды қағаз және цифрлы нұсқада ала алады

Қазақстандықтар Egov-тегі жеке кабинеті арқылы орта білім туралы аттестат пен ТжКБ дипломын цифрлы форматта ала алады. Сондай-ақ мектеп пен колледж түлектеріне QR-коды бар дәстүрлі қағаз түріндегі сертификат пен дипломдар қолжетімді.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің түсіндіруінше, т үлектер оқуға түсу, жұмысқа орналасу кезінде оларды ұсыну жеңілдей түсу үшін құжаттар цифрлы нұсқада ұсынылады.

Цифрлы құжаттар Ұлттық білім беру деректер базасына орналастырылады. QR-код құжаттардың қағаз нұсқасында да болады.

QR-код сертификаттың немесе дипломның түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді.

Ол құжаттың иесі мен деректер туралы ақпарат көрсетілетін мемлекеттік интернет-ресурсқа сілтеме береді.

Мұндай тәжірибе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом беру кезінде қолданылады.

«Оқу-ағарту министрлігі азаматтарға ыңғайлы болу үшін цифрлы шешімдерге көңіл бөліп отыр. Біздің міндетіміз – ашықтықты қамтамасыз ету, азаматтардың уақытын үнемдеу. Сондықтан біз мектепті немесе колледжді бітіргені туралы құжаттарды беру процесін де автоматтандырамыз. Енді түлекке өзімен бірге орта білім туралы аттестаты мен дипломын алып жүрудің қажеті жоқ. Оның барлығы Egov-та, соның ішінде банктердің мобильді қосымшаларында цифрлы форматта қолжетімді болады. Бірақ құжатты берудің қағаз форматын ешкім алып тастаған жоқ, мысалы, жеке куәлік, қазір куәлікті өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ, бірақ электронды нұсқасын мобильді қосымшада пайдалануға болады», — деді Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қазақстанда үш жылда 1 300 шақырым жол салынбақшы

Президент «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады. Ақорданың хабарлауынша, …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *