Воскресенье, 3.07.2022

Қазақстанда жабық мекемелерде маска тағу режимі алып тасталды

24 наурызда Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz.

Комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері және өңірлердің басшылары қатысты.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия келесі шешімдерді қабылдады:

  • үй-жайларда міндетті маска тағу талабын алып тастау;
  • медициналық мекемелерде (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) медициналық маскаларды тағу міндетін өз күшінде қалдыру;
  • адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда маска тағуды ұсынымдық сипатта қалдыру;
  • білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесіне рұқсат беру.

Сондай-ақ ВАК шешімімен «Pfizer» препаратымен вакциналауға жататын адамдар контингенті кеңейтіледі, ол мынадай санаттармен толықтырылады:

  • бастапқы вакциналаудан өтетін, осы препаратпен профилактикалық вакцина алғысы келетін адамдар;
  • түрлі себептермен шетелге шығу үшін қайталама екпе алушылар;
  • шетелде алған вакциналау курсын аяқтау үшін екпе алушы тұлғалар;
  • COVID-19 вирусына қарсы ревакцина алушы барлық топтағы адамдар.

Отырыс соңында Е. Тоғжанов қолайлы эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі азаматтарды уақытылы иммундау және ревакциналау екенін атап өтті. Ол әкімдіктерге коронавирус инфекциясына қарсы егу науқанын ерекше бақылауға алуды тапсырды және халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қазақстанда оқу жылын тағы бір айға созу ұсынылды

Зерттеу нәтижесі ұзақ үзілістің балалардың материалды есте сақтау қабілетіне кері әсер ететінін көрсеткен. Елде оқу …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.