
Новости
Қазақстанда жаңа әуе бағыты пайда болды
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі маршруттық желіні кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды novoetv.kz.
Биылғы жылдың 1 мамырынан бастап қазақстандық «QazaqAir» әуе компаниясы Астана – Түркістан – Самарқанд бағыты бойынша жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр. Ұшулар апта сайын екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылады.
Бұл өзгеріс Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстер санының апта сайын 42-ден 44-ке дейін артуына әкеледі.
Жаңа бағыттың ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ іскерлік және туристік өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.