Понедельник, 16.05.2022

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алудың жаңа жүйесі енгізіледі

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің жауабында айтылған.

«Ішкі істер министрлігімен бірлескен пилоттық жоба аясында жүргізуші куәліктерін беру қызметін көрсету кезінде сәйкестендірудің ерекше әдістерін және тестілеудің жаңа жүйесін пайдалану бойынша жұмыс жалғасуда. Сәйкестендіру тестілеудің басында да, кезең-кезеңімен де жүзеге асырылады. Жалған тұлғалардың қатысу мүмкіндігі алынып тасталады. Жаңа жүйеде теориялық және практикалық емтихандарды қабылдау үдерістеріне жүргізілген талдау қорытындылары бойынша тікелей теориялық емтихан тапсыру сәтінде емтихан сыныбында компьютерге қашықтан қосылу бөлігінің осал тұстары жоқ. Теориялық емтиханның теріс нәтижесін кейіннен оң нәтижемен ауыстыру мүмкіндігіне де жол берілмейді», делінген министр жауабында.

Бағдат Мусинің айтуынша, тестілеу удерісі толығымен «жұқа» клиентке ауыстырылды. Оның артықшылығы өнімділікті арттыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік деңгейін көтеру болып саналады.

«Бүгінгі күні тестілеу жүйесіне заңсыз араласу бөлігіндегі кемшіліктер алынып тасталды. Сонымен қатар желілік инфрақұрылым нақты уақыт режимінде бақылау үшін оқиғалар мен қауіпсіздік ақпаратын жинау және талдау жүйесімен (SIEM жүйесі) біріктірілген. Жоғарыда аталған жаңа тестілеу жүйесінің арқасында, алдыңғы жылдармен салыстырған кезде қазіргі таңда емтиханды тапсыру едәуір жоғары сапада өтетіндігін, үміткерлердің басым бөлігі қажетті нәтиже жинай алмау салдарынан қайта емтихан тапсырып жатқанын, соның салдарынан жүргізуші күәлігін алу бойынша жүгініп жатқан үміткерлердің саны артып отырғанын айтып өту қажет», деді ол.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Алғашқы қазақ киносы

Бала күнімде халық батыры Амангелді Иманов туралы түсірілген фильмді сан мәрте көрдім. Бірақ оның ұлттық …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.