Қазақстанда тұтынушылар құқығы жиі бұзылатын салалар көшін медицина бастап тұр

Бестікке медицинадан бөлек, теміржол көлігі, қалааралық, халықаралық тасымал, соның ішінде такси қызметі, білім беру және байланыс қызметтері енген.

Ranking.kz хабарлауынша, Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің зерттеуіне сәйкес, сауда мен қызметтің 20 саласын бағалаған респонденттердің 67%-ының ғана қызмет көрсету сапасына көңілі толады. Қызмет көрсету кезінде тұтынушылар құқығы ең жиі бұзылатын 5 сала:

  • медицина – 45,9%;
  • теміржол көлік қызметі – 43,2%;
  • қалааралық, халықаралық тасымал, соның ішінде такси қызметі – 42%;
  • білім беру қызметі – 41,6%;
  • байланыс қызметі – 35,9%.

Қызмет көрсету саласының сапасы нашар болуына қарамастан, бағасы жылдан жылға өсіп келеді. 2021 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша, ақылы қызмет бағасы орташа есеппен 5,6% өсті:

  • денсаулық сақтау саласының қызметтері – 6%;
  • көлік – 7,9%;
  • байланыс – 2,4%;
  • білім – 4,1%;
  • медицина саласындағы амбулаториялық қызмет – 5,7%;
  • дәрігердің алғашқы қабылдауы – 7,1%;
  • тіс дәрігері қызметі 5,5%;
  • теміржол транспорты – 5,4%;
  • автомобиль – 2%;
  • әуе транспорты – 26,2%;
  • интернет пен кабельдік телеарна – 2,5%;
  • ұялы телефон 1,9% қымбаттады.

Стационарлық телефонға абоненттік төлем сол күйі қалса, орта білім алу құны 4,5%; кәсіби орта білім бағасы 4,4% қымбаттаған.

Қазақстан өңірлері бойынша, ақылы қызмет батыс өңірлерде айтарлықтай қымбаттаған: Ақтөбе облысында – 8,8%, Маңғыстау облысында – 7,9%, Атырау облысында – 6,6%. Ал ең азы: Қарағанды облысында – 4,5%, Алматы қаласында – 4,8%, Алматы облысында – 4,8%.

Зерттеу қорытындысы бойынша Комитет бірқатар ұсыныс әзірледі. Атап айтқанда, мемлекеттік органдарға тұтынушы құқығын қорғаудың барлық бағытында түсіндіру жұмысын күшейту және мектеп, колледж, ЖОО-ларда, тұтынушылар арасында тұтынушы сауаттылығын оқыту ұсынылды.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қарағандының жылу орталықтары жылыту маусымына қалай дайындалып жатыр

Қарағандыда ЖЭО-1 және ЖЭО-3-те қысқа белсенді дайындық жүріп жатыр. 26 негізгі жабдықты жөндеу жоспарланған. Жөндеу …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *