
Новости
Қазақстанда онлайн-казиноны жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеу ұсынылды.
Үкімет отырысында Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов цифрлық кеңістіктегі жаңа қауіптер туралы сөз қозғады.
Оның айтуынша, танымал отандық блогерлер жеңіл табыс табуды көздеп, онлайн-құмар ойындарды жарнамалаумен айналысып, азаматтарды сол ойындарға тартуда.
«Мұндай әрекетке барған 37 адам анықталды, олардың 18-і әкімшілік жауапқа тартылды. Көпшілігі мұны білмей істеген жоқ, заңды жүйелі түрде бұзуға әдейі барады. Құмар ойындарды жарнамалағаны үшін нақты жауапкершіліктің жоқтығы жағдайды күрделендіріп отыр. Сондықтан біз қаржы пирамидасына ұқсайтын онлайн-казино жарнамасына қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынамыз», – деді Қайрат Бижанов.
