Воскресенье, 18.04.2021

Қазақстанда наурыздан бастап теміржол билеттері қымбаттайды

Қазақстанда наурыздан бастап теміржол билеттері қымбаттайды. Компания бағаны өсіру туралы шешімін жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсартуға, оның ішінде жылжымалы құрам паркін жаңартуға және қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған шараларды жүргізіп жатқандығымен түсіндірді. Бұл жайында «Жолаушылар тасымалы» Акционерлік Қоғамының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билеттерінің құны 7% — ға артады», — делінген хабарламада.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсартуға, оның ішінде жылжымалы құрам паркін жаңартуға және қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған шараларды жүргізіп жатқанын еске салды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдан 2020 жылға дейін 159 вагон сатып алғанын хабарлаймыз. Аталмыш вагондар келесі бағыттар бойынша қатынайтын жолаушылар пойыздарының құрамында бар. Олар: Алматы-Маңғыстау, Нұр-Сұлтан-Сарыағаш, Атырау-Нұр-Сұлтан, Атырау-Алматы, Нұр-Сұлтан-Арқалық, Атырау-Маңғыстау, Алматы-Жезқазған және Нұр-Сұлтан-Семей. Сонымен қатар, осы жылдың 1 тоқсанында 50 жаңа вагон жеткізіледі деп күтілуде. Бұл вагондар келесі бағыттар бойынша қатынайды деп жоспарлануда: Алматы-Маңғыстау, Қызылорда–Семей, Алматы-Өскемен және Нұр-Сұлтан-Семей», — деп хабарлайды компаниядан.

Автор: Корреспондент

Аватар

Читайте также

Армиялық балуандардың еншісінде «алтын» және «қола» медаль

Алматыда өтіп жатқан Олимпиада алдындағы Азия чемпионатында күрестің үш түрі бойынша Орталық спорт клубының нұсқаушы-спортшылары …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *