
НовостиСоциальные темы
Қазақстанда медицина қызметкерлері өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пациенттерді видеоға жазып алатын болады
Дәрігерлер өз қабылдауына келген пациенттерді және оларға көрсетілген медициналық көмекті видеоға жазып алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл шешім медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыру мақсатында қабылданды.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова үкімет отырысында медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар туралы айтты.
«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2100 жедел жәрдем бригадасы бейнежетондармен, ал 644 аурухананың қабылдау бөлімдері бейнетіркегіш құрылғылармен жабдықталады», — деді министр.
Сонымен қатар, министрлік облыс әкімдеріне 2026 жылы кадр тапшылығы күтілетін өңірлерде тапшы мамандық иелері болып табылатын дәрігерлерді баспанамен қамтамасыз етуді ұйымдастыруды ұсынуда.

