Хабар

Қазақстанда карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлауына байланысты карантин шаралары күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

«Эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлағанын ескере отырып, ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына «қызыл» аймақтағы өңірлерде ұжымдарды бөлуге және инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған қосымша алдын алу шаралары қабылданады», деп мәлімдеді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша шараларды күшейтуді тапсырғаны хабарланды. Сондай-ақ, ол денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге ПТР-сынама санын арттыруды, жедел бақылау жүргізуді және медицина қызметкерлерінің дайындығын, ауруханадағы қосымша орындарды, дәрілер мен медициналық заттардың жеткілікті болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, Президент короновируспен күресте босаңсымау керектігін ескертіп өтті.

«Бүкіл әлемде коронавирустың жаңа таралуы басталды. Қазақстанда аурудың күрт өсімі байқалып, тәулігіне 2 мыңға дейін жаңа жағдайлар тіркеліп жатыр. Пандемияның бүкіл кезеңінде жұқтырғандар саны 1 миллионнаннан астам адамды құрады. Сондықтан да босаңсымау және коронавируспен күресте жалғастыру маңызды. Бұл да жаңа Үкіметтің басты міндеттерінің бірі», – деді Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Қазақстан Президенті.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button