Хабар

Қазақстанда көктемгі аңшылыққа рұқсат етілді

Қазақстанда көктемгі аң аулау араға 4 жыл уақыт салып қайта басталды. Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (ҚБСҚ)1 наурыз бен 15 мамыр аралығында Қазақстанда үйректерге аң аулау жүргізілетінін мәлімдеді.

Аң аулауға 2017 жылдың көктемінен бастап тыйым салынды. Бірақ төрт жылдан кейін оған қайта рұқсат берді. Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы жабайы құстардың саны күрт төмендеуі мүмкін деген алаңдаушылық білдірді.

Қауымдастық 1 наурыз бен 15 мамыр аралығында Қазақстанда үйректерге аң аулау жүргізілетінін хабарлады. Мамандардың айтуынша, дәл осы уақытта құстар ұрпақтар береді және аулау олардың көбеюіне айтарлықтай кедергі келтіруі мүмкін.

“Ресми түрде аң аулау тек айнаға (үйректің түрі) қатысты. Көктемгі аң аулауды жақтаушылар біздің елде бәрі бақылауда екенін дәлелдейді. Көктемде аң аулаудың негізгі зияны – бұл тек үйректерді ғана емес, сонымен қатар басқа құстарды су қоймаларынан кетуге мәжбүр ететін және нәтижесінде олардың санын азайтатын күшті фактор. Оның зияны бірқатар шетелдік ғылыми зерттеулермен дәлелденді. Ережелерді сақтау туралы – заңға бағына бермейтін халқымызда оның қаншалықты жүзеге асатынын бәрі түсінеді”, – деді қауымдастықта.

Ұйым көктемгі аңшылық болмаған 4 жыл ішінде Қазақстандағы бірқатар жерлерде үйректер мен қаздар санының артуы туралы деректер пайда болғанын, бірақ ел ауқымында ұя салатын суда жүзетін құстардың мониторингі жолға қойылмағанын атап өтті. Көктемде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекциялары анықтайтын браконьерлік оқиғаларының саны да күрт төмендеді.

“Көктемгі аң аулау ҚБСҚ және ҚР БҒМ Зоология институты дайындаған биологиялық зерттеулерден кейін тоқтатылды, бұл бірден біздің елімізді табиғатты қорғауға шынымен қамқорлық жасайтын елдердің қатарына қосты – көктемде суда жүзетін құстарды аулауға Еуроодақтың барлық елдері, Ұлыбритания, АҚШ-та, сондай-ақ Украинада, Ресейдің бірқатар облыстарында тыйым салынған”, – деп хабарлады ведомствода.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 16 ақпанында көктемгі аң аулауға тыйым салынды.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button