Вторник, 20.04.2021

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны қашан басталатыны белгілі болды

Көктемгі әскерге шақыру науқанын өткізу туралы Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов айтып берді.

«Көктемгі әскери қызметке шақыру 1 наурыздан басталып, 1 шілдеге дейін жалғасады. Қазақстанның Қарулы Күштерінің, басқа да әскері мен әскери құралымдарының қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негізі жоқ. Отан алдындағы борышын өтеуге 18-27 жас аралығындағы 13,5 мыңнан астам азаматтар шақырылады.

Белгіленген мерзімді өткерген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді шақыру және жұмыстан босату қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдастырылады және өткізіледі», — деді Сәкен Жүсіпов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Пандемия жағдайында халықпен тікелей байланысты төмендету, сондай-ақ, хабарландыру процесін автоматтандыру мақсатында биыл пилоттық режимде әскерге шақырылушыларға SMS-хабарламалар жіберу жоспарланып отыр. Хабарламаларды жіберуді цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «1414» қызметінің сервисі жүзеге асырады.

Көктемгі әскерге шақыру барысында әскерге шақырылушыларды ПТР-зерттеу екі рет — әскерге шақыру кезіндегі құрама пункттерде және әскери бөлімдерде жүргізілетін болады. Жаңадан шақырылған әскери қызметкерлерді вакцинациялау жеке құраммен бірге қызмет өткеру орындарында ұйымдастырылады, — деді ҚР ҚК Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы Департаментінің бастығы.

Әскери қызметке шақыру тәртібі жөнінде білу үшін Қорғаныс министрлігінің сall-орталығына 8 (7172) 72 10 83, 72 16 06, 72 13 89; 72 13 82 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Автор: Корреспондент

Аватар

Читайте также

Қазақстан баспасөз бостандығы рейтингісінде тағы да Гондурас, Ауғанстан, Зимбабве елдеріннен артта қалды

«Reporters Without Borders» (Шекарасыз репортерлар) басылымы жариялаған Дүниежүзілік баспасөз бостандығы индексі рейтингісінде Қазақстан Гондурастан, Ауғанстаннан …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *