Қазақстанда ер адамдар әйелдерге қарағанда бес есе көп суицид жасайды

Жыл сайын Қазақстанда мыңдаған адам өз-өзіне қол жұмсайды. Қазақстан ДДСҰ рейтингінде суицид деңгейі ең жоғары жиырма елдің қатарына кіреді. Құқықтық статистика комитеті мен ДДСҰ мәліметтері бойынша ерлер бұл қадамға әйелдерге қарағанда 4-5 есе жиі барады екен, — деп хабарлайды Ranking.kz.

Қазақстандағы БАҚ пен саясаткерлер көбіне жасөспірімдер жасаған суицидті талқылайды. Осы тақырыптың маңыздылығына қарамастан, былтыр жасалған барлық суицидтің тек 4 пайызын 18 жасқа дейінгілер жасаған екен. Бұл үрдіс жылдан жылға қайталанып келеді.

Тәуекел тобында ең алдымен ересектер бар. Олардың ішінде 18-75 жас және одан жоғары жастағы адамдар жасаған суицидтің 76 пайызы ер адамдарға тән.

Ер адамдар неге өз-өзіне қол жұмсайды деген сұраққа жауап беру өте қиын. Қазақстанда суицидке байланысты факторлар өте аз зерттеледі. Сондықтан әлеуметтанушылар көбінесе болжамдармен жұмыс істейді. Inbusiness.kz мәліметінше, өз-өзіне қол жұмсауға шешім қабылдаған адамдарға биологиялық, экономикалық, психологиялық және басқа да көптеген фактор әсер етеді. Суицидолог Екатерина Миронованың айтуынша, мұндай 800-ге жуық себеп бар екен. Нұр-Сұлтанда жүргізілген 6 жылдық зерттеуге сәйкес, өзіне-өзі қол жұмсау дерегіне тіпті жоғары ауа температурасы әсер етуі мүмкін.

Көбіне суицид факторларын анықтау мүмкін болмай жатады. Мысалы, 2021 жылы мұндай факторлардың шамамен 28 пайызы анықталмаған. Былтыр Құқық қорғау органдары ерлер арасында 377 суицидтің себебін анықтаған, бұл осы кезеңдегі ерлер жасаған суицид деректерінің 12 пайызы ғана болады.

Құқықтық статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2021 жылы ең көп таралған фактор — жалғыздық (27 пайыз) және қаржылық қиындықтар, банкрот болу және қарыз (28 пайыз).

Samaritans суицидтің алдын-алу агенттігінің талдауы бойынша, ер адамдар әйелдерге қарағанда жалғыздықты көбірек сезінеді, оған түрлі елдер бойынша 29 зерттеу жүргізілген. Қазақстанда өз-өзіне қол жұмсаудың төртінші кең тараған факторы — қарым-қатынастың үзілуі. Суицидтің тағы бір маңызды факторы — экономикалық жағдай. Ең нашар әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы ер адамдар ең қолайлы жағдайдағы ер адамдарға қарағанда, он есе үлкен қауіпке ұшырайды.

2021 жылғы тағы бір зерттеу бойынша, Қазақстанда жұмыссыздық ерлер арасында да, әйелдер арасында да аса маңызды фактор саналады.

Қазақстанда ер адамдар 35-54 жас аралығында өз-өзіне қол жұмсауға бейім. 2015 жылдан 2021 жылға дейін бұл жас санаты әйелдер мен ерлер арасында барлық суицидтің үштен бірін жасаған.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қазақстандықтар сапасыз жол туралы анонимді шағым түсіре алады

Қазақстандықтарға сапасыз жол туралы анонимді шағым түсіру мүмкіндігі ұсынылды. Бұл жайында «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.