Воскресенье, 22.05.2022

Қазақстанда дәрі-дәрмектер бойынша тегін байланыс желісі бар

Дәрілік заттар туралы шынайы және кәсіби ақпараттың қолжетімділігін, оларды дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында халық пен денсаулық сақтау саласы мамандары үшін тегін телефон желісі жұмыс істейді.

«Бұл тегін телефон желісі 2011 жылдан бастап тұрғындар мен медицина қызметкерлерін ақпараттандыру мақсатында қосылғанын еске салғым келеді. Еліміздің аумағында кез келген стационарлық телефоннан қоңырау шалу – тегін», – деді Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығының басшысы Гүлзира Жүсіпова.

Оның айтуынша, – 8 800 080 88 87 нөміріне қоңырау шала отырып, әркім тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында дәрілік препараттар туралы, сондай-ақ азаматтардың тегін дәрілерге құқықтары, препараттардың тиімділігі, сондай-ақ ықтимал жанама реакциялар туралы толық объективті әрі шынайы ақпарат ала алады. Медицина қызметкерлері препараттардың өзара үйлесуі, клиникалық нұсқауларға сәйкес дәрілік заттарды дұрыс тағайындау мәселелері бойынша дәлелді медицина және дәрілік заттар жөніндегі халықаралық дерекқорлар негізінде консультация ала алады.

2020 жылы COVID-19 пандемиясына байланысты келіп түскен телефон байланыстарын талдау нәтижелері бойынша қоңыраулардың дені коронавирус инфекциясына және инфекция санын азайту үшін мемлекеттік іс-шаралар бойынша (20,72%) келіп түсті. Халықты сондай-ақ ТМККК аясында тегін дәрі‑дәрмектер мен медициналық қызметтерге құқықтар туралы, оның ішінде COVID‑19 (15,24%) кезінде, дәріханаларда маскалар мен антисептиктердің болмауы бойынша, COVID‑19 коронавирустық инфекциясын анықтауға арналған тесттер, COVID‑19 коронавирустық инфекциясы кезінде емдеу алгоритмі бойынша мәселелер толғандырды. Бұдан басқа, ТМККК ауқымында медициналық көмек көрсету жағдайларына және дәрілік заттармен тиісінше қамтамасыз етілмеу (16,95%) туралы шағымдар келіп түсті.

Айта кетейік, орталықтың веб-сайтында коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу хаттамасына енгізілген дәрілік заттарды дұрыс қолдану туралы ақпаратқа тез қол жеткізу үшін http://www.knf.kz веб-сайтында «COVID-19» айдары ашылды. Орталық сайтының аталған айдарына кіріп, емделушілерге арналған жадынамаларды, Ұлттық клиникалық хаттаманың соңғы жаңартылған нұсқасын, «Коронавирустық инфекция – COVID-19» клиникалық хаттамасында ұсынылған дәрілік заттарға арналған монографияларды таба алады.

Автор: Корреспондент

Читайте также

«Сарыарқа» газ құбырының қуаты Нұр-Сұлтан мен Қарағандыға ғана жетеді – энергетика министрі

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов БАҚ өкілдеріне елдің солтүстігі мен шығысындағы өңірлерді газдандыру мүмкіндіктері туралы …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.