Қазақстанда бизнесті тексеруге мораторий ұзартылады

Қазақстанда шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий 2023 жылдың соңына дейін ұзартылды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров хабарлады.

«Мораторийді ұзартуға қатысты шешім дайындадық, Мемлекет басшысы оны қабылдады. Осылайша, ШОБ субъектілерін тексеруге мораторий 2023 жылдың соңына дейін ұзартылды. ШОБ субъектісі халықтың өмірі мен денсаулығына әсер ететін болса, мемлекет оның қызметін тексеруге құқылы», деді деді Әлібек Қуантыров.

Айта кетсек, тиісті мораторий 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Оның қолданысы 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталуы тиіс еді.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Зейнетақы жинағын пайдалану: 2023 жылға ең төменгі жеткіліктілік шегі белгіленді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын пайдаланудың 2023 жылға ең төмен жеткіліктілік шегін …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.