Воскресенье, 22.05.2022

Қазақстанда ауа температурасы 21 градусқа дейін төмендейді

Қазақстан бойынша 2021 жылдың 4-6 қарашасына арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Суық Солтүстік-Батыс антициклоны жауын-шашынның тоқтатылуы мен температураның айтарлықтай төмендеуін тудырады.

Тек 4 қарашада ғана оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар, таулы аудандарда қатты қар жауады, жел күшейеді, көктайғақ, бұрқасын болады.

Сондай-ақ республиканың басым бөлігінде тұман күтіледі. Ауа температурасы батыста түнде 1-6 аяз, күндіз 0-5, оңтүстікте 3-8 аяз, күндіз 10, солтүстік-батыста 8-13-тен 0-10-ға дейін аяз, күндіз 5 аяз-6 жылу, солтүстікте 13-18-ден 0-10-ға дейін аяз, күндіз 0-8-ден 0-6-ға дейін, орталықта және еліміздің шығысында түнде 13-21-ден 5-13-ке дейін аяз, күндіз 2-13-тен 0-8-ге дейін аяз, солтүстік-шығыста 0-8 жылу, оңтүстік-шығыста түнде 5-13 аяз, күндіз 2-7 аяздан 0-5 жылуға дейін.

Естеріңізге сала кетейік, Қазгидромет мамандары қарашада республика бойынша ауа райы қандай болатынын айтты.

Консультативтік болжамға сәйкес, ай бастала сала елдің солтүстігі мен шығысында күн суытады.

«Бірінші онкүндіктің басында Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында, 3 қарашадан бастап еліміздің оңтүстік өңірлерінде, онкүндіктің соңында республиканың солтүстік-батыс жартысында жаңбыр мен қар жауады. Тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді», — деп хабарлады мамандар.

Алайда қарашаның ортасынан бастап температура жоғарылайды.

«Екінші онкүндіктің бірінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Екпінді жел соғып, қар түрінде жауын-шашын жауады. Екінші онкүндіктің соңында, үшінші онкүндіктің басында және соңында температура төмендейді», — дейді синоптиктер.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында ең суық күндері сынап бағанасы түнде -17…-25°С-қа дейін, күндіз -8…-13°С-қа дейін, ал елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -5…-17°С-қа дейін, күндіз -2…-7°С-қа дейін түсуі мүмкін.

Елдің солтүстігінде аяз беті қайтқан кезде термометр бағаны оң мәнге ауысады, ал оңтүстікте ауа температурасы +3…+12°С-қа дейін жоғарылайды.

Автор: Корреспондент

Читайте также

«Сарыарқа» газ құбырының қуаты Нұр-Сұлтан мен Қарағандыға ғана жетеді – энергетика министрі

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов БАҚ өкілдеріне елдің солтүстігі мен шығысындағы өңірлерді газдандыру мүмкіндіктері туралы …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.