НовостиСоциальные темы

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті тағайыру процесін жасанды интеллект жүзеге асырады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафиннің мәлімдеуінше, Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындау процесіне жасанды интеллект енгізілуде.

Вице-министрдің сөзінше, бұл үшін дәлдігі 90%-дан асатын Random Forest Classifier атты модель қолданылуда.

Жоба бірнеше кезеңмен жүзеге асады: алғашқы кезеңде жасанды интеллект әкімдіктерге тек кеңес беру сипатында шешімдер ұсынады. Екінші кезеңде өтініштерге тіркелген фото және видеоматериалдарды талдау үшін компьютерлік көру технологиялары іске қосылады. Ал үшінші кезеңде жүйе өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға арнап жеке көмек жоспарларын жасайтын болады.

Back to top button