Қазақстанда 114 жаңа халықаралық әуе рейсі ашылады

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия аптасына 114 рейс, 16 елге тұрақты халықаралық ұшуды ұлғайтуға, қайта жаңартуға және ашуға рұқсат берді. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Рейстер саны артады:

  • Ресей Федерациясымен — әр тараптан аптасына 54 рейске;
  • Түркиямен — әр тараптан аптасына жеті рейске;
  • БАӘ-ден — әр тараптан аптасына тоғыз рейске;
  • Өзбекстанмен — әр тараптан аптасына бес рейске;
  • Германиямен — әр тараптан аптасына бес рейске;
  • Мальдив аралдары — әр тараптан аптасына үш рейске;
  • Кореямен — әр тараптан аптасына алты рейске;
  • Польшадан — әр тараптан аптасына екі рейске;
  • Венгриямен — әр тараптан аптасына бір рейске;
  • Сауд Арабиясымен — әр тараптан аптасына бір рейске.

Тұрақты рейстер, сонымен қатар, Чехиямен әр тараптан аптасына екі рет, Қытаймен аптасына сегіз рейс, Әзербайжанмен аптасына үш рейс ір тараптан жаңартылады.

Сонымен қатар, Италиямен әр тараптан аптасына екі рейс,, Шри-Ланкамен әр тараптан аптасына үш рейс, Кувейтпен аптасына әр тараптан үш тұрақты рейстер ашылады.

«Қазіргі уақытта авиакомпаниялар ұшу кестесін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл ретте жоғарыда аталған рейстердің орындалуы тізімдегі елдердің тиісті уәкілетті органдарымен келісіледі», — делінген министрлікте.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Онлайн, қашықтан оқыту, көктемгі каникул: БҒМ маңызды сұрақтарға жауап берді

Бүгін «БҒМ LIVE» жобасында Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Сапура Төлекова үшінші …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *