Хабар

Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцуина салу туралы айтты.

Ол 2021 жылдың соңына дейін алты миллион адам коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынын айтты.

“1 ақпаннан бастап ең алдымен вакцина қажет топқа жататын тұрғындарға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салуды бастау жоспарланып отыр. Кезең-кезеңмен салынған вакцина нәтижесінде жыл соңына дейін 6 миллионға дейін қазақстандыққа вакцина салу көзделіп отыр”, – деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында вакцинациялау кезең-кезеңімен жүргізілетінін айтты. Министрдің сөзінше, алғашқы жартыжылдықта 2 миллион адамды вакцинациялау жоспарланған. Жалпы вакцинация 6 кезеңге бөлінеді.

“Бірінше кезеңде – жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел жәрдем қызметінің, реанимация бөлімі, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, ауруханалардың қабылдау бөлмесінің, санэпид қызмет қызметкерлері;

Екінші кезеңде – жалпы білім беру мектептерінің педагогтері, ЖОО, ведомстволық медициналық қызметтердің медициналық қызметкерлері;

Үшінші кезеңде – мектеп-интернаттардың педагогтері, балабақша, студенттер, созылмалы аурулары бар адамдар;

Төртінші кезеңде – ІІМ, ТЖМ, БМ, ҰҚК қызметкерлері және стационарлардағы медицина қызметкерлері, балабақша қызметкерлері мен созылмалы аурулары бар адамдар;

Бесінші кезеңде – медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен қызметкерлері, жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері және созылмалы аурулары барлар”, – деді Цой бүгінгі Үкімет отырысында.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button