Қазақстанда қанша Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері бар?

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов айтты.

Осы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысының 665 ардагері және 113 555 соғыс мүгедектері мен Жеңіске жетуге үлес қосқан басқа да азаматтар өмір сүреді, — деді ол.

Вице-министр қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атынан баршаңызды келе жатқан жарқын мереке – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер, — деп атап өтті Ерлан Әукенов.

Ол әр адамның міндеті – өз елінің тарихын білу және құрметтеу. Жеңісті барлық ұрпақтың жарқын болашағы үшін жақындатуда майданда соғысқан және тылда еңбек еткен ардагерлеріміздің ерліктерін ұмытпау екенін атап өтті.

Соғыс кезінде 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық майданға шақырылды, 20-дан астам атқыштар дивизиялары және басқа да құрылымдар құрылды. Әскери қызметтері үшін жүздеген мың қазақстандықтар медальдар мен ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Төрт қазақстандық екі рет Батыр атанды, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды, — деп түсіндірді Еңбек министрінің өкілі.

Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіс үшін жанын берді – олар шайқаста қаза болды, жаралар мен аурулардан қайтыс болды және хабарсыз кетті. 630 мың адам тұтқыннан оралмады.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қазақстандықтар жеке басына қатысты қате мәліметтерді eGov-та онлайн түзете алады

Қазақстандықтар жеке басына қатысты қате мәліметтерді eGov арқылы онлайн түзету мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.