Понедельник, 27.03.2023

Қазақстан туризмге қолайлы 85 елдің ішінде 84-орында

2022 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында 3,4 миллион адам Қазақстанға туристік мақсатта келген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3,6 есе көп, — деп хабарлайды Energyprom.kz.

Басылым мәліметінше, Қазақстанға туристер екі факторға байланысты келеді. Біріншісі — коронавирус пандемиясына байланысты ережелердің жеңілдеуімен байланысты. Екіншіден, туристердің көбеюі Ресейдегі мобилизациямен байланысты.

Дегенмен елден жыраққа туристік мақсатта кететіндер саны басым. Мысалы 2022 жылдың тоғыз айында 5,6 миллион қазақстандық өзге елдерге демалуға кеткен. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,2 есе көп.

Ішкі туризмде, яғни Қазақстандағы туризм саласында оң өзгерістер байқалған: +25,1 пайыз, бұл бір жылда — 4,9 миллион адам ішкі туризмге үлес қосты деген сөз.

Бірақ U.S. News деректері бойынша, туризм үшін қолайлы елдердің рейтингінде Қазақстан 85 елдің ішінде 84-орынға жайғасқан. Қазақстанның алдында Иран, Украина, Өзбекстан, Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Замбия, Ливан және Мьянма да бар.

Автор: Корреспондент

Читайте также

«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық акциясы басталды

Елімізде «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық акциясы басталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *