Қазақстан СІМ Консулдық қызмет көрсетуге арналған телеграм-ботты іске қосты

Telegram мессенджеріндегі «Консул-Көмек» ботын @konsul_kaz_bot сілтемесі бойынша пайдалануға болады.

Шетелдегі қазақстандықтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ҚР Сыртқы істер министрлігі «Консул-Көмек» телеграм-ботын әзірлеп, іске қосты. Оның негізгі міндеті — Қазақстан елшіліктері мен консулдықтарында Мемлекеттік қызметтерді алу рәсімі туралы ақпаратты ұсыну және түсіндіру.

Мысалы, егер азамат шетелде жүргенде баланың туу туралы куәлігін, қазақстандық паспортты дипломатиялық өкілдік арқылы қалай ресімдеуге немесе некені тіркеуге болатынын білмесе, онда аталмыш боттың көмегімен мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құжаттардың тізбесі туралы тиісті ақпаратты ала алады.

Сондай-ақ, бот қызметтерді алу үшін Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне баруды алдын ала брондауға мүмкіндік береді. Ол үшін ең жақын консулдық мекеме орналасқан ел мен қаланы таңдап, байланыс мәліметтерін жазып, күні мен уақытын таңдау керек. Содан кейін өтініш беруші брондауды немесе өтінімді растайды немесе хабарлама арқылы басқа бос уақытты ұсынады.

Бот қазақстандық консулдардың азаматтармен өзара іс-қимыл жасау сапасын жақсартуға және олардың көрсетілетін қызметтері туралы хабардар болуын арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram мессенджеріндегі «Консул-Көмек» ботын @konsul_kaz_bot сілтемесі бойынша пайдалануға болады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша

Автор: Корреспондент

Читайте также

Биыл жаңа мектеп формасын алу міндетті ме? Министрлік жауабы

Кей өңірлерде білім басқармалары ата-аналар қауымдастығы және қамқоршылық кеңестерімен келісе отырып, бірыңғай түсті енгізу туралы …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.