
Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті матчында сырт алаңда Бельгия құрамасымен кездесіп, ауыр жеңіліске ұшырады.
Ойын Брюссельдегі «Констант Ванденсток» стадионында өтті. Кездесуді румындық төреші Раду Петреску басқарды.
Матчтың басында Әлібек Қасым алыстан соққы жасап, бельгиялық қақпашы Тибо Куртуаға қауіп төндірді. Алайда көп ұзамай ойын тізгінін алаң иелері қолға алды. 42-минутта Кевин Де Брюйне әдемі соққымен есеп ашса, араға екі минут салып Жереми Доку екінші голды соқты. Бірінші тайм 2:0 есебімен аяқталды.
Екінші кезеңде Бельгия құрамасы шабуылын үдетіп, 52-минутта Николас Раскин есепті ұлғайтты. Одан кейін Доку өз есебіне дубль жазса, Де Брюйне тағы бір гол соқты. 87-минутта Тома Менье соңғы голдың авторы атанып, матчты қорытындылады.
Ойын 6:0 есебімен Бельгияның пайдасына аяқталды.
Бельгия — Қазақстан 6:0 (2:0)
Голдар: Де Брюйне (42), Доку (44, 60), Раскин (52), Де Брюйне (84), Менье (87).
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 10 қазан күні Астанада Лихтенштейнге қарсы өткізеді.




