Новости

Қазақстан ең төменгі жалақыны анықтау әдістерін халықаралық деңгейде заңдастырады

Қазақстан ең төменгі жалақыны анықтау әдістерін халықаралық деңгейде бекітетін болады.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Ең төмен жалақыны белгілеу туралы» №131 конвенцияны ратификациялады. Бұл құжат дамушы елдердің жағдайын ескере отырып, жалақыны белгілеу тетіктерін айқындайды.

№131 конвенцияны ратификациялау Қазақстан үшін нені білдіреді:

  • Қазақстанда ең төменгі жалақыны анықтау жүйесі халықаралық деңгейде заңдастырылады;

  • Бұл қадам елдің Халықаралық еңбек ұйымы алдындағы міндеттемелерге бейілділігін дәлелдейді.

Құжатта келесі негізгі қағидаттар көрсетілген:

  • ең төменгі жалақы жүйесін қалыптастыру;

  • әлеуметтік әріптестердің (жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің) жалақыны белгілеу және қайта қарау процесіне қатысуы;

  • ең төменгі жалақыны айқындауда жұмысшылардың қажеттіліктері мен экономикалық көрсеткіштердің ескерілуі;

  • еңбекақы төлеуде кемсітушілікке жол бермеу.

Қазақстан 1993 жылдан бері Халықаралық еңбек ұйымының мүшесі болып табылады және осы уақыт ішінде еңбек жағдайлары мен әлеуметтік қорғауға қатысты 28 конвенцияны ратификациялаған.

Қазіргі таңда №131 конвенцияны 54 мемлекет бекіткен, оның ішінде ТМД елдерінен Армения мен Әзербайжан бар.

Проверьте также
Close
Back to top button