Қазақстан аумағында жол жүрісі қауіпсіздігі айлығы басталды

18 шілдеден бастап еліміздің аумағында жол қауіпсіздігі айлығы басталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлім етті.

«Ел аумағында 18 шілдеден бастап жол жүрісі қауіпсіздігі айлығы басталды. Осының аясында полицейлер өткізетін бүкіл іс-шаралардың басым бағыты – жол-көлік оқиғаларын азайту, жолдағы қауіпсіздікті арттыру және жол жүрісіне қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін азаматтардың назарын автожолдардағы жарақаттану проблемаларын шешуге бағыттау», — деді ол министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, жазғы демалыс кезеңінде және демалыс маусымында қалааралық және аймақаралық қатынастардағы көлік құралдарының трафигі дәстүрлі түрде өседі.

Сонымен қатар ол кезеңде салдары ең қайғылы жағдайға әкеп соқтыратын жол-көлік оқиғаларының өсу қаупі де артады.

«Осыған байланысты, іс-шара аясында полицейлер патрульдеу кезінде, автокөлік құралдарын, оның ішінде жолаушылар көлігін тексеруді күшейтеді. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері, бірінші кезекте, жүргізушілердің тәртіпсіздігі саналады. Соның салдарынан қарама-қарсы жүріс жолағына шығу, қозғалыс жылдамдығын арттыру, маневр жасау қағидалары бұзу, сонымен қатар, көлікті көп жағдайда шаршаңқы күйде басқару деген сияқты құқық бұзушылықтар орын алады. Бұл ретте балалардың автомобиль салонында болуы жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын бұзудан тоқтата бермейді», — деді Жандос Мұратәлиев.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Ата-аналардың 60 пайызы баласының мектепте не оқып жатқанына мән бермейді

Биылғы оқу жылынан бастап мектепте өтетін ата-аналар жиналысының форматы өзгереді. Оқушылардың 60 пайызының ата-анасы мектепте …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.