Воскресенье, 5.12.2021

Қазақстан ағылшын тілін ең төмен деңгейде білетін елдер қатарында – рейтинг

Қазақстан былтыр бұл рейтингте 92-орынды иеленсе, биыл 4 қатар құлдырап, 96-орынға жайғасқан.

Қазақстан ағылшын тілін білетін мемлекеттер рейтингінде 96-орынға жайғасты. Еліміз Камерун және Камбоджа сынды елдермен қатар тұр, деп хабарлайды EF English Proficiency Index. Рейтинг Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларын 470 және 466 баллмен ағылшын тілі деңгейі «орташа» топқа кіргізген.

Көрші елдер ішінде Қырғызстан – 101-орында, ал Тәжікстан – 103-орында. Сондай-ақ, Моңғолия – 83-орын, Әзербайжан – 86-орын, Өзбекстан – 88-орынды иеленді.

Ағылшын тілін жетік білетін мемлекеттер тізімінде Еуропа елдері көш бастады. Алғашқы үштік Нидерланды, Австрия және Данияға тиесілі. Одан кейін тізімде Сингапур, Норвегия, Бельгия, Португалия, Хорватия, Швеция, Германия, Оңтүстік Африка және т.б. елдер тұр. Бұдан өзге ағылшын тілін өте жақсы білетін елдер қатарына Шығыс Еуропа және пост-кеңестік мемлекеттер кірген, олардың қатарында Сербия, Румыния, Польша, Венгрия, Словакия, Эстония, Болгария, Литва, Латвия, Чехия, Франция және еуропалық емес бірқатар мемлекет бар.

Керісінше рейтинг соңында Ливия, Руанда, Конго, Оңтүстік Судан және Йемен сияқты елдер орналасқан.

EF English Proficiency Index Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларын 470 және 466 баллмен ағылшын тілі деңгейі «орташа» топқа кіргізген. Бұл топта Баку, Ұлан-Батыр, Доха, Анкара, Гуанчжоу, Ухань, Стамбұл, Кито сияқты бірқатар қала бар. «Ең төменгі» топқа Ташкент, Бішкек, Кабул, Душанбе, Киншаса, Бағдад, Янгон және т.б. қалалар кірді.

Автор: Корреспондент

Читайте также

LRT құрылысын аяқтау үшін қанша қаржы қажет?

Елордадағы LRT құрылысын аяқтауға қажет қаржыны 3,25 пайыздық несие арқылы жабу көзделіп отыр. Бұл туралы …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *