НовостиСпорт

Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қызметінен кетті

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Бельгиядан 0:6 есебімен жеңілгеннен кейін өз еркімен қызметінен кететінін жария етті.

Ойыннан кейін өткен баспасөз мәслихатында Әлиев команда нәтижесі үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алатынын айтты.

«Бұл жеңіліс менің жауапкершілігім. Барлық кінәні өз мойныма аламын. Отставкаға өтініш жазып, оны федерация басшылығына ұсынамын», — деді ол.

Айта кетсек, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы бес ойын өткізіп, үш ұпай жинады. Әли Әлиевтің басшылығымен команда Бельгияға, Уэльске (1:3, 0:1) және Солтүстік Македонияға (0:1) жеңіліп, тек Лихтенштейнге қарсы (2:0) жеңіске жеткен.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы сырт алаңда Бельгиядан 6:0 есебімен айқын жеңілді.

Статьи по теме

Back to top button